USD
USD
USD

Есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды

 Есірткі сатумен айналысқан өостналайқы тұрғын 7 жылға сотталды. 

Есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құсмұрын кентінде есірткі заттарын таратқан 48 жастағы ер адамды ұстаған. Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаевтың айтуына қарағанда, тінту кезінде ол жатқан бөлмеден 2,8 грамм гашиш, 3,58 грамм кептірілген марихуана табылған. Сондай-ақ жылыту қазандығының қуысынан жалпы салмағы 337,88 грамм болатын марихуана түйілген бес түйіншек алынған.

«Аталған факт бойынша көлік полицейлері ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 2-бөлігі (ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткі заттарын сақтау мен сатудағы кінәсі толық дәлелденді», - дейді Нұржан Әлібаев. Оның айтуынша, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым