USD
USD
USD

Есірткі сатқан зейнеткер 10 жылға сотталды

2021 жылғы желтоқсанда Өскемен-1 станциясында Желілік полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтау және өткізу күдігі бойынша Өскемен қаласының бұрын сотталған 63 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Есірткі сатқан зейнеткер 10 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құқық бұзушының жұмыс орнын, тұрғылықты жерін және тізгіндеген автокөлігін тінту кезінде жалпы салмағы 9 келіден асатын ораулы күйде аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткісі тәркіленді. Аталған факті бойынша көлік полицейлері ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Биылғы жылдың 12 мамырында ШҚО қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен құқық бұзушы қасақана аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 155 есірткі қылмысын анықтады, оның 15-і – өткізу, 8-і – аса ірі көлемде сақтау фактілері. Заңсыз айналымнан 28 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси