USD
USD
USD

Есірткі сатқан полицейлер ұсталар сәтте қарсылық көрсеткен

Жамбыл облысында есірткі сатушылар анықталып, кейін олардың полицей екені белгілі болды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыскерлерді ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырылды.

Есірткі сатқан полицейлер ұсталар сәтте қарсылық көрсеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шу — Тараз тас жолында құрықтау барысында күдіктілер қарсылық танытқан. Toyota Land Cruiser 80 мінген олар арнайы жасақ қызметкерін қағып, қаша жөнеледі. Көлікті тоқтату үшін полицейлер қару қолданды. Оқиға орнында түсірілген фотосуреттен жол талғамайтын көліктің аударылғанын көруге болады, деп жазады kolesa.kz. Үш күдіктінің екеуі оққа үшып, бірі ауруханада көз жұмған, екіншісі стационарда жатыр. Ал үшіншісі изоляторға қамалды. Жарақат алған арнайы жасақ қызметкері ауруханада ем қабылдауда. Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-баптары бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер