USD
USD
USD

Есірткі сайтын жарнамалаушы қолға түсті

Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізу барысында астыртын синтетикалық есірткі саудалайтын интернет-сайттарды жарнамалаумен айналысқан қала тұрғынын ұстады.

Есірткі сайтын жарнамалаушы қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 40 жастағы ер адам трафарет пен бүріккіш бояуды қолданатын тұрғын үйлер мен гараждардың қабырғаларында синтетикалық есірткінің жарнамасы жазылған жазулар қалдырып отырған. Бұрын бірнеше рет сотталған күдіктінің өзі де есірткі қолданатын болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция бұл әрекетке қатысы бар өзге де адамдарды анықтау үстінде.

«Нұр-Сұлтан» ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері соңғы уақытта синтетикалық есірткінің ғаламтор арқылы таралу қаупі артқанын атап өтті. Есірткі заттарын сатумен айналысатын топтар көбінесе жастар мен жасөспірімдерді жаман жолға еліктіреді. Жыл басынан бері елордалық полиция осындай 7 сайтты анықтап, бұғаттаған.

Өткен жылы елордалық полицейлер азаматтардың қолдауымен 120 интернет-сайтты жарнамалаушы 400-ге жуық граффити-сызбаларды анықтап, алып тастады. Қалада синтетикалық препараттарды ұсынатын интернет-ресурстарды жарнамалауға қатысқан 10 адам анықталып, жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.