2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Есірткі өндіруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Есірткі өндірушіні жеті жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі өндіруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласында астананың маңында синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сот процессі аяқталды. Халық арасында “скорость” атауымен белгілі альфа-пирролидиновалерофенонның аса ірі мөлшередегі өндірісін қолға алған, 19 жастағы Екібастұз тұрғыны сот құзырына берілді.
Сот қарауы барысында белгілі болғанындай сотталушы кәмелеттік жасқа толмай тұрып есіртікіге әуестенген. Ол өзін есірткімен қамтамасыз ету және табыс табу үшін тыйым салынған заттарды дайындауға шешім қабылдаған. Сол үшін ол астанаға көшіп, Көктал ықшам ауданында жалға үй алып, психотропты заттардың өндірісін жолға қойған. Тінту барысында астаналық полицейлер синтетикалық есірткі өндірісіне арналған химиялық заттарды, психотропты заттардың қалдықтары бар колбаларды, вакуумды аппаратты, есірткі өндірісі бойынша формулалар жазылған дәптер, противогаздар, өлшеуіштер, сондай-ақ күдікті есірткі өндіру кезінде киген химиялық қорғаныс костюмін алды. Жалпы салмағы 2 кг 340 гр дайындалған есірткі алынды. Яғни 1 грамм “скорость” 50 дозаға теңеледі. Дәлелдеме ретінде сотқа есірткіні жасыру орындары көрсетілген геобелгілері бар ұялы телефондар ұсынылды. Сот топтасқан түрде аса ірі көлемде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындады деген айыппен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер