USD
USD
USD

Есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі күдікті Қызылордада ұсталды

 Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қала тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі күдікті Қызылордада ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған 2019 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған қылмыс жағдайы көрсетілген.

Күдікті осы уақытқа дейін бой тасалап жүрген. «Жедел уәкілдер оны қала аумағындағы үйлердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон