USD
USD
USD

Есіктегі атыс: Күдіктілердің барлығы ұсталды

Алматы облысы Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдіктілер анықталды, деп хабарлайдық облыстық ПД.

Есіктегі атыс: Күдіктілердің барлығы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Басты айыпталушы бірінші күні ұсталды. Қалған екеуі кеше ұсталды. Үшеуі де УҰИ-ға қамалды. Төбелес кезінде пайдаланылған атыс қаруы (помпалық бес оқтаулы мылтық) тәркіленіп, заттай дәлел ретінде тергеу материалдарына тігілді. Қылмыстық тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды, - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Тергеу амалдары қылмыстық заңнаманың үш бабы – "Адам өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу" және "Қару қолданудағы бұзақылық" бойынша қолға алынды.

23 шілдеге қараған түні Есік қаласындағы ауруханаға 18 және 30 жастағы екі жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді, олардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Кейінірек полиция аталған іс бойынша негізгі айыпталушы ретінде танылған 30 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.

 

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу