USD
USD
USD

Есіктегі атыс: басты күдікті ұсталды

Алматы облысының полициясы Есіктегі атысқа қатысы бар 30 жастағы ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Есіктегі атыс: басты күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полицияның ақпаратынша, күдікті ретінде бұған дейін сотталған 1992 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды. Қылмыстық тергеу материалдарында ұсталған адам негізгі фигурант екені анықталды.

"Ол қамалды. Қылмыстық кодекстің үш бабы "Кісі өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу" және "Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау" бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.

Атысқа қатысқан басқа адамдар іздестіріліп жатыр.

Еске салсақ, 23 шілдеде Есік қаласының ауруханасына оқ жарақатымен екі ер адам түсті. Кейін олардың бірі көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт