USD
USD
USD

Есік көлінен 50 турист эвакуацияланды

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары Есік көлінен 50 туристі эвакуациялады. Демалушылар мінген автобус көктайғақ салдарынан жол жиегіне шығып қалған.

Есік көлінен 50 турист эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қарашада жолаушылар автобусының бірі Есік көліне баратын жолда көктайғақ салдарынан тұрып қалды. Ол басқа көліктер мен автобустардың қозғалысына кедергі келтірген.

Жедел қабылданған шара барысында 50 шетелдік және жергілікті турист есік орман шаруашылығы экологиялық бекетіне жаяу түсті. Құтқарушылар оларды үш топқа бөліп, әр топқа бір-бір офицерден бекітіліп, барлығы аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді. Экопостан туристерді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі дайындаған автобустар күтіп тұрды. Олар Есік қаласының автовокзалына жеткізді.

Тексеру барысында жолда тұрып қалған жолаушылар автобусы жазғы дөңгелектермен жүргені анықталды. Бірнеше сағат ішінде көлік тұрып қалған жерінен шығарылып, кері қайтарылды. Қазіргі уақытта қауіпсіздік мақсатында Есік көліне кіру жабық. Алматы облысының ТЖД жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында қысқы дөңгелектерді ауыстыру және ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер