USD
USD
USD

«Ешкімнен пара алмаған жандармен құда-құдағи болғымыз келеді» – Жазира Байырбекова келін іздеп жүр

Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат жалғыз ұлы Қазбекке келісті келін іздеуге көшкен сыңайлы. Осы ретте Байырбекова тіпті қандай жандармен құда болғысы келетінін тізбектеп берді.

«Ешкімнен пара алмаған жандармен құда-құдағи болғымыз келеді» – Жазира Байырбекова келін іздеп жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өнер иесі инстаграм парақшасындағы жазбасында «Ешкімнің ақысын жемеген, пара алмаған, ешкімге қиянат жасамаған, адамдарға жылы сөзбен болса да мейірім, жақсылық жасаған, пейілі кең, тек жақсы ойлап, жақсы сөйлейтін, бала-шағасын адал жолмен асырап отырған еңбекқор жандармен құда-құдағи болғымыз келеді» – деп жазды.

Сондай-ақ әнші ұлына «қысқа киетін қыздардан киім үшін бас тартпа» деп кеңес беретінін жеткізді. Себебі, адамның ішкі жан-дүниесі дұрыс болса, жас қосылған сайын иманы артады деп санайтын болса керек. Мұнымен қоса болашақ келінімнің атақты жандар мен бай әулеттен немесе өте қарапайым адамдардың қызы  болғаны маңызды емес дейді.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk