USD
USD
USD

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті

Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қосымшаны әзірлеудегі негізгі мақсат Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету туралы тапсырмасын орындау болып табылады. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ел аумағында қолданысқа енгізілді. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті. Мобильді қосымшаның функционалы: жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге; кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге; қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге; салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге; жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге; оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан); кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, «E-Salyq Business»-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған», - деді спикер. 

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер