USD
USD
USD

«Е-Salyq Business» қосымшасы жетілдіріледі

Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді қосымшаны жетілдіреді. 

«Е-Salyq Business» қосымшасы жетілдіріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосты. Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді және жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше,Салық кодексінің осы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сәйкес аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған. Бұдан басқа, комитетпен патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге арналған қосымшаның функционалын пилоттық жоба аясында қолдану мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ұсыныстарды, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасынан алынған ұсыныстарды, сондай-ақ жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қорытындылары бойынша ескертулерді ескере отырып пысықталады. Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино