USD
USD
USD

Ержан Максим көктемде Польшада концерт береді

Жас әнші Ержан Максим наурыз айында Польшада концерт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы жас әншінің қатысуымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Ержан Максим көктемде Польшада концерт береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда әлемдік Junior Eurovision байқауына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленген Максим алдағы уақыттағы жоспарларын бөлісті. «Мен енді шынымды айтсам, осы әншілікпен жүргім келеді. Өйткені, осындай даусымды, вокалды тастағым келмейді. Алдағы уақытта көптеген елде, көптеген қалада концерт беремін, басқа да байқауларға қатысамын деп ойлаймын», – деді Ержан Максим.

Әншінің анасы Гүлмира Әлібек бар уақытын Ержанға арнап, барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтады. «Қалай осындай үлкен дәрежеге жетуге болады деп көптеген кісі ақыл кеңес сұрап жатады. Әрқашан балаға көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Мен осы баламның арқасында қазір барлығын қойып, барлық жұмысымызға дейін тастап, тек Ержанмен айналысып жүрміз. Ешқандай қиындыққа мойымау керек. Барлығына төзе білу керек. Баланы әрқашан қолдай білу керек», – деді Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек.  

Қазір оқып жатыр

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі