USD
USD
USD

Ержан Жиенбаев Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Жиенбаев бұрынғы лауазымынан босатылып, Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Ержан Жиенбаев
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы заң мамандығы бойынша «Тұран» университетін 2018 жылы РХШжМҚА-ның «Executive MBA» бағдарламасы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын Қаржы министрлігінде бастаған. Кейін Премьер-министр кеңсесінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды: Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Заң бөлімінің меңгерушісі, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды.

2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur