USD
USD
USD

Ержан Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып тағайындалды

Астанада «Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ұлттық олимпиада комитеті өкілдері және өңірлік федерация басшылары қатысты.

Ержан Біржанов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жиын барысында федерацияның 2023–2024 жылдардағы жұмысы қорытындыланып, жаңа президент сайланды. Дауыс беру нәтижесінде Ержан Ерікұлы Біржанов Федерация президенті болып сайланды. Ол бұған дейін бірінші вице-президент қызметін атқарған. Ал бұрынғы президент Даурен Әділбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Федерацияның бұрынғы басшылығына триатлонды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Ержан Біржановты жаңа қызметімен құттықтады.

«Федерация алдында жаңа әрі ауқымды міндеттер тұр. Сенімді және кәсіби команда бұл бағытта жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Министрлік тиісті қолдау көрсетуге дайын және ашық диалогқа әрдайым әзір», – деді Серік Жарасбаев.

Іс-шара барысында Федерация қызметінің тиімділігін арттыру және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер де қаралды.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов