USD
USD
USD

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровқа арналған «Дегдар» атты естелік кітабы жарық көрді. Бұл туралы саясаттанушы Андрей Чеботарев мәлімдеді. 

Ержан Бабақұмаров
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жинаққа марқұм Бабақұмаровтың жақындарының естеліктері мен өзінің мақалалары, сұхбаттары енген.

«“Дегдар” кітабына туған-туыстарының, достары мен әріптестерінің естеліктері, сондай-ақ Ержанның жекелеген ғылыми еңбектері, мақалалары мен сұхбаттары енгізілді. Кітаптың электронды нұсқасы қоса берілді. Жатқан жері жайлы болсын», – деп жазды саясаттанушы.

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров – әр жылдары жоғары лауазымды қызметтерді атқарған саясаткер, мемлекеттік қайраткер. Өткен жылдың қазан айында ол кісі қолынан қаза тапты. Полиция таратқан алдын ала мәліметке сәйкес, Бабақұмаров пен оның танысы арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 56 жастағы Ержан Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмды.

Ал оны өлтірген Ербол Каукетаевты сот 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity