USD
USD
USD

erulik.kz веб-платформасының тұсаукесері өтті

«Отандастар қоры» әзірлеген erulik.kz веб-платформасының тұсаукесері өтті.

erulik.kz веб-платформасының тұсаукесері өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қордың бапасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында шетелдегі қазақ қауымдастығына жаңа ашылған сайт жан-жақты таныстырылған. Erulik.kz дегеніміз – Отанына қоныс аударуға бел буған қандастарға арналған веб-платформа.

«Сайттың басты мақсаты – Қазақстанға көшіп келуге шешім қабылдаған қандастарға басымдыққа ие 5 облыстың (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен таныстыру және қоныс аударуға қолайлы елді мекендерді таңдауға мүмкіндік ұсыну», делінген хабарламада.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен әзірленген веб-платформа арқылы Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған кез келген қандасымызға орналасқысы келетін елді мекенге қатысты 21 көрсеткіш бойынша жан-жақты ақпарат беріледі.

Атап айтқанда, сайтта елді мекендердегі бос тұрғын-жайлар, инфрақұрылым, әлеуметтік мекемелер, экономикалық әлеует туралы толыққанды ақпарат бар, сондай-ақ аймаққа фото шолу жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұсынылады.

Сонымен қатар, көшіп келген сәттен бастап көші-қон үрдісінде талап етілетін құжаттар, бейімдеу, балаларды балабақшаға, мектепке орналастыру, медициналық қызметтерді алу, тіпті кәсіпкерлік бастаудың оңтайлы тетіктері бойынша ақпарат беріледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.