USD
USD
USD

Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын ең көп игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Kazinform. 

Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның атап өтуінше, 9 айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 99,3, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,6, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 16 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Атқарылмау 70 млрд теңгені құраса, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 54 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және басқалары», - деді министр.

Ерұлан Жамаубаевтың дерегінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 49 млрд теңге.

«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қазанға 1 трлн 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында қалыптасты», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала