USD
USD
USD

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Қазақстан Халық партиясының бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев саясатпен енді белсенді түрде айналыспайтынын мәлімдеді.

Ермұхамет Ертісбаев
Фото: Nege media

Астана, NEGE. ҚХП Құрылтайға өтуге қажет 5 пайыздық межеден аса алмаған соң, Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын айтты.

«Мен белсенді саясаттан кетемін. Саяси өмірбаянымның бұл кезеңі аяқталды деп есептеймін. Ең алдымен, бізге дауыс берген, осы науқанда еңбек еткен, үгіт жүргізген, пікірталасқа қатысқан, бағдарламамызды қорғаған және бізге сенген баршаңызға зор алғысымды білдіремін», – деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Саясаткер партияның сайлау науқаны кезінде қазақстандық социализм, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық байлық, қадірлі қарттық, еңбек құқықтарын қорғау, қолжетімді медицина мен білім беру мәселелерін көтергенін айтты. Алайда бұл идеялар партия күткендей жаппай қолдау таппады.

«Қазақстандық социализм идеясының біз күткендей жаппай қолдау таппағаны өкінішті. Демек, не қоғам бұл идеяға әзірге дайын емес, не біз оны жеткілікті деңгейде нанымды түсіндіре алмадық. Бәлкім, екеуі де шығар. Бірақ тарих сайлау учаскелері жабылған кеште аяқталмайды. Менің өмірім де жалғасып жатыр», – деді Ертісбаев.

Партияның бұрынғы төрағасы енді халықаралық саясатқа, тарихқа, саясаттануға және ағартушылық қызметке көңіл бөлмек. Ол АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қарым-қатынасты, Еуропадағы ахуалды, Орталық Азияның болашағы мен Қазақстанның өзгеріп жатқан әлемдегі орнын зерттеуді жоспарлап отырғанын айтты.

Еске салайық, Ертісбаев маусым айында Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметінен кеткен. Оның орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланды.

23 тамызда өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Қазақстан Халық партиясы 3 пайызға жуық дауыс жинады.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші