USD
USD
USD

«Ертіс орманында» 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды

«Ертіс орманы» табиғи резерватында 2029 жылға дейін ағаштың барлық түрін кесуге тыйым салынды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің арнайы бұйрығы шықты.

Ертіс орманы
Фото: You tube

Алматы, NEGE. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 10 қыркүйектегі 27-03/249-НҚ бұйрығымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынды.

«Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне (өтімді қоқыстарды жинаудан, тілмелерді кесуден және орман күтімін кесуден басқа) тыйым салу енгізілсін»,- делінген құжатта.

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аталған бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

«Ертіс орманы» резерваты Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылықтарынан, оның ішінде 16 орманшылықтан тұрады. Орман жамылғысының жалпы аумағы 177 мың гектар. Қорғалуы жағынан аса құнды орман алқаптары санатына жатады. 2023 жылы прокуратура резерват аумағынан 331 текше метр көлемінде заңсыз ағаш кесілгенін анықтады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар