Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Ертіс орманы» басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау шеңберінде «Ертіс Орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысы тарапынан пара алу фактілерін анықтады.

«Ертіс орманы» басшысы
Фото: Антикор

Алматы, NEGE. Оның кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

2024 жылдың 26 қаңтарында тергеу сотының санкциясымен Резерват басшысы 2 ай мерзімге қамалды. Сонымен қатар, Резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева

Мәскеу облысында Wildberries-тің ірі қоймасы өртке оранды

Вайлдберрис