USD
USD
USD

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов аптап ыстықтан қашып, Ертіске шомылуға баратын тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, видеоүндеу жариялады.

Ертіс
Фото: pavlodarnews.kz

Астана, NEGE. Өңір басшысының мәлімдеуінше, жаз басталғалы бері облыста төрт адам суға кетіп, қаза тапқан. Оның айтуынша, барлық қайғылы жағдай шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған және қаза тапқандардың басым бөлігі мас күйде болған.

Сондай-ақ құтқарушылар бүгінге дейін хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адамды іздестіріп жатқаны мәлім болды. 

«Бүгін мен сіздерге өте маңызды өтінішпен үндеу жолдап отырмын. Мамыр айының соңынан бері өңірде аптап ыстық сақталып тұр, сондықтан көпшілік салқындау үшін су жағасына асығады. Алайда дәл қазір салғырттықтың құны тым қымбатқа түсуде. Ертіс өзені қателікті кешірмейді. Сіздерден тыйым салынған жерлерде шомылмауды және мас күйде суға түспеуді сұраймын», – дейді Байханов жариялаған видеоүндеуінде.

«Ешқандай демалыс адам өмірінен қымбат емес» деген облыс әкімі ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және оларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп отыруға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған