USD
USD
USD

Ертісбаев террористердің қайдан келгенін айтты

Ел билігі қаңтар оқиғаларын алдын ала жоспарланған террорлық акт деп бағалады. Алайда террористердің қайда дайындалғаны және оларды кім дайындауы мүмкін екені әлі белгісіз. Тұңғыш Президенттің бұрынғы кеңесшісі, саясаттанушы Ермұхамет Ертісбаев содырлардың көбі Қазақстан азаматтары екеніне сенімді.

Ертісбаев террористердің қайдан келгенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ертісбаевтың пайымынша, олар кеше ғана дайындалып, алаңға кеше ғана шыға салған адамдар емес.

«Соңғы он жылда ҰҚК біресе жасырылған қару-жарақ таптық дейді, біресе террорлық топты жойдық дейді. Ақтөбедегі терактіні еске алып көріңіз. Ол жерде Сирия мен Иракта дайындықтан өткен жас жігіттер қарулы күшке қарсы шыққан еді. Алматыда да біраз адамдар қолға түскен. Жалғыз өзі қарулы әскерді өлтірген Руслан Күлекбаевты еске алып көріңіз», – деді ол.

Яғни саясаттанушы Қазақстанда жеке күштік құрылымдар бар екенін меңзеп отыр. Олар жастар арасынан, әсіресе, жұмысы жоқ жастар мен ауылдағы жастар арасынан содырларды дайындап отырған.

Сондай-ақ Ертісбаев ондай жастарды кім және нақты қайда жаттықтыруы мүмкін екенін тергеушілер анықтайтынын айтты. Айтуынша, қазірдің өзінде бұл іске Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысы бар екені анық.

«Ал мұндай жағдай ҰҚК-нің көз алдында болғаны – нағыз жеңіліс және комитеттің мемлекетке қарсы жұмыс істегенін байқатады. Ұлтқа сатқындық жасамай, Алматы трагедиясы сияқты үлкен бүлікті ұйымдастыру мүмкін емес», – дейді экс-кеңесші.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов