USD
USD
USD

«Ертіс орманы» резерватында 850 га жер өртенді

Павлодар облысындағы өртке байланысты жедел штаб құрылып, өзге аймақтардан мамандар мен техника тартылып жатыр.

«Ертіс орманы» резерватында 850 га жер өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы кезекші бөлімінің бастығы Эльдор Райымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 15 шілдеде Павлодар облысындағы өрт бойынша дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Бұл жерде келіп түскен соңғы ақпаратқа талдау жасалады. Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі өрт аумағын тікұшақпен бақылау жасады. Өрттің ауқымы 850 гектарды құрап отыр. Тілсіз жаумен күреске Астана қаласынан, ШҚО және Қарағанды облысынан қосымша күш жұмылдырылды», - деді Эльдор Райымбеков.

Оның мәліметінше, «Ертіс орманы» резерватындағы өртті сөндіруге 300-ден астам маман және 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

«Сонымен қатар 5 тікұшақ өрт сөндіріп жатыр, олар осы кезге дейін 22 рет (66 тонна) су шашты. Жалынның алдын алу және жою мақсатында командалық штат құрылды. Өрт туралы космомониторинг арқылы да ақпарат жиналып жатыр», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті