USD
USD
USD

Ертіс филиалы қызметінің тарифы 1,5 пайызға төмендеді

Павлодардағы «Нұра топтық су құбыры» мекемесі «Ертіс» филиалының суды беру тарифі төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ертіс филиалы қызметінің тарифы 1,5 пайызға төмендеді
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Табиғи моноплияларды реттеу комитетінің мәліметінше, бұл ұжым Павлодар облысының Май ауданына суды магистралдық құбыр жолдары арқылы беруді жүзеге асырады. Сонымен қатар табиғи монополия субъектісі ретінде заңнамаға сай бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

«Филиалдың тарифтік сметасы туралы есебіне жүргізілген талдау нәтижелері 12,9 млн теңге сомасында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарының орындалмауы анықталды. Нәтижесінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Ертіс» филиалының қызметтеріне биылғы 1 маусымнан 2023 жылғы 31 мамырға дейін ҚҚС-сыз 116,22 теңге/м3 мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітті, онда төмендеу - 1,5 %-ды құрайды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, Су ресурстары комитеті «Нұра топтық су құбыры» РМК-ға қатысты 4 900 800 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейтін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғады. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қарау сатысында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы