USD
USD
USD

Ертеңге арналған ауа райы

Сенбі күні Нұр-Сұлтан мен үш облыста бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Ертеңге арналған ауа райы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қ.: 21 желтоқсанда бұрқасын, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», – делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Ақмола облысында түнде кей жерлерінде қатты қар жауады, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Көкшетау қ.: 21 желтоқсанда бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады түнде екпіні 15 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

«21 желтоқсанда Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде қалың қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ. Солтүстік батыстан кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Қостанайда 21 желтоқсанда қар күтіледі, бұрқасын соғады, солтүстік батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады», – делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
 «Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 25 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», – деді синоптиктер. 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама