USD
USD
USD

Ертең Өзбекстанда сайлау өтеді

Бүгін Өзбекстанда сайлауалды тыныштық күні. 

Ертең Өзбекстанда сайлау өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Өзбекстанда сағат 00:00-де президенттік сайлау алдындағы «тыныштық күні» орнады. 

«Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау туралы» Заңға сай, бүгіннен бастап дауыс беру науқанының соңына дейін БАҚ-та, телерадио хабарларын тарату арналарында сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады, сонымен қатар сайлау алды үгіт-насихаттың басқа да түрлерін жүргізуге болмайды.

Заңда сайлауға дейінгі бес күн ішінде, сонымен қатар дауыс беру күні қоғам пікірі сауалнамаларының нәтижелерін және сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға тыйым салатын норма бекітілген.

«Тыныштық күні» сайлаушыларға үгіт-насихатқа ермей, өз бетінше таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда президенттік сайлау 24 казан күні өтеді. Сайлауға бес кандидат қатысып жатыр, олардың қатарында елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиёев та бар.

Қазір оқып жатыр

Иран футболшысы ФИФА мен 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға шағымданды

Иран футболшылары

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

өрт

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана