USD
USD
USD

Ертең Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың соты өтеді

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасымен байланысты вайнерлердің ісіне қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды.

Ертең Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың соты өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алғашқы сот отырысы Алмалы ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында 21 желтоқсан күні сағат 15:00-де өтеді», - делінген хабарламада.

12 желтоқсанда вайнерлер айыпталған оқиға ісі сотқа жолданған болатын.

Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша қылмыстық істі Алматы Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Іс фигуранттары А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды.

Іс бойынша айыптауды процестік прокурор қолдайды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова