USD
USD
USD

Ертең күн тұтылады

Жексенбі күні қазақстандықтар, сондай-ақ Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінің халқы күннің ерекше тұтылуына куә болады.

Ертең күн тұтылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл астрономиялық құбылыс, яғни күннің шеңберленіп тұтылуы Ай Жерден барынша алыстап, өзінің эллиптикалық орбитасында тұрғанда болады. Сондықтан ол күннің жиегін толық жаппайды, деп хабарлайды v-kosmose.com ресурсы. Жарияланған бақылау тізіміне сүйенсек, Нұр-Сұлтанда күннің тұтылуы 21 маусым сағат 11:30 кезінде басталып, күндізгі 13:42-ге дейін жалғасады. Бұл құбылыс шамамен сағат 12:35 кезінде анық көрінеді. Алматыда күннің тұтылуын 11:16-дан бастап 14:06-ға дейін тамашалауға болады. Әсіресе 12:40 шамасында анықтап қарауға кеңес береміз. Мамандардың айтуынша, бұл Күннің 2020 жылғы ең қысқа және ең анық шеңберленіп тұтылуы болмақ. Олар мұндай астрономиялық құбылысты арнайы күн фильтрін қолдана отырып тамашалау керектігін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев