USD
USD
USD

Ертең ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ертең ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   6 қараша күні тәулік бойы Түркістан облысының тау бөктерлі және оңтүстік аудандарында тұман түсуі ықтимал.

Шымкентте де 6 қараша күні тұман түсуі ықтимал.

6 қарашада Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оралда 6 қарашада жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

6 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда 6 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

6 қарашада Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылордада 6 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

6 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі, 6-8 қарашада Алакөл көлдерінің ауданында жел шығыстан соғады, күші 17-22 м/с күтіледі.

 

Қазір оқып жатыр

Салық дауларының басым бөлігі төлеушілердің пайдасына шешілді

Салық

Алматы әуежайында шетелден келген әйелден 21 келі марихуана тәркіленді

Марихуана

Неміс депутаттары жалақысын көтеруден бас тартты

Бундестаг

Қызылордада «Warner Bros» қаржы пирамидасы бөлімшесінің бастығы сотталды

Сталкинг