USD
USD
USD

Ертең Алматыда митинг өтеді

Алматы әкімдігі елде әкімдерді сайлауды енгізуді талап еткен белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы белсенді Марат Тұрымбетов Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Ертең Алматыда митинг өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділер талабы бойынша, Алматы қаласының әкімін халық таңдауы керек.

Бұл жиынды өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді, деді Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Белсенді Марат Тұрымбетов бұдан бір күн бұрын Алматы әкімдігі "Qantar 2022" аза тұту митингісін өткізуге рұқсат бермегенін де айтты. Олар митингіні 13 ақпанды өткізгісі келген. Митинг өткізуге рұқсат бермеудің ресми себебі - қаладағы эпидемиологиялық жағдай.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов