USD
USD
USD

Қазақстанда әр балаға 129 доллар аударылады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында биыл әр балаға неше теңге аударылатынын есептеп бітті. 

Балалар
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов хабарлады.

«Былтыр 6 млн 918 мың бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қатысушысы болды. Оның әрқайсысына 100 доллардан сәл асатын ақша аударылды. Биылғы инвестициялық табыс жаман емес. Орташа (кейінгі 18 жылдың орташа табыстылығы – ред.) инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылады. Бұл жаңалықты қуана отырып бөлісемін. Өйткені, менің де бағдарламаға қатысатын балаларым бар. Биыл 6 млн 921 мың 35 бала қатысады. БЖЗҚ енді ғана есептеп болды. Әр балаға 129 доллар 32 центтен аударылады», - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк мәліметі бойынша балаларға тиесілі ақша ертең аударыла бастайды.

Қазір оқып жатыр

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев

Ғылым қорынан миллиондап қаржы жымқыру схемасы әшкереленді: күдікті қамауға алынды

ҚМА қызметкері

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі: полиция бір іс тоқтатылғанын хабарлады

Аян Дүйсеков