USD
USD
USD

Ертең Алматы әуежайында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Алматыда жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар болады.  

Алматы әуежайы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабының мәліметінше, 17 қазанда сағат 08:00–ден 15:00–ге дейін Майлин көшесі, 2 мекенжайында орналасқан Алматы қаласының халықаралық әуежайы аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Іс-шара барысында әуе және автокөлік қозғалысына шектеу қою қарастырылмаған.

— Оқу-жаттығулардың мақсаты — көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризм актісінің алдын алу және оны тоқтату тетіктерін жетілдіру. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған ақпарат таратпау қажеттігін ескертеміз, — деп хабарлады штабтан.

Алматы полициясы ӘҚбК-нің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам