Ертаев БОМЖ ба?
Алматыда Жомарт Ертаевтың соты өтіп жатыр. Өткен процесте Ертаев өте көңілді көрінген. Сотқа әкеле жатқан адамның ыржалақтап күліп жүргені біртүрлі екен. Бірақ оның тым сенімділігін білетіндер басқа жақтан іздейтіні де тегін болмаса керек...
Алматы, NEGE. Sputnik Казахстан порталының жазуына қарағанда, Жомарт Ертаевқа қатысты айыптау актісі екі күн оқылуы мүмкін. Өйткені, 280 беттік актіні бір күнде оқып тауысу мүмкін емес.
Сот орындығында бұрынғы банкирмен бірге тағы 36 адам отыр. Іс материалдарына қарағанда, бұлардан 3 адам зардап шеккен.
Сотта тағы бір қызық жайт белгілі болды. Ертаевтың тұрғылықты мекен-жайы әлі анықталмапты. Судья Ертаевқа қаратып, бұл сұрақты тездетіп шешу керектігін айтты. Әйтпесе, «мекен-жайы» деген жерге «БОМЖ» деп жазылуы мүмкін.
«Коммерциялық құпияға» сүйенген прокурор сотты бұдан әрі жабық өткізуді сұраған. Алайда сот мұнымен келіспеді.
Естеріңізге салайық, Ертаевтың ісін Алмалы аудандық сотында судья Роман Селицкий қарап жатыр. Іс 700 беттен және 46 эпизодтан тұрады.