USD
USD
USD

Ершат Оңғаров Мұхаметжан Тазабековке алғыс айтты

«Асыл арнаның» контентін «Халық арнаға» толық тапсыратын Мұхаметжан Тазабековке дән ризамыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров айтты.

Ершат Оңғаров Мұхаметжан Тазабековке алғыс айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхаметжан Тазабеков ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің отырысына келіп мәлімдеді. Тірнектеп жинаған контенттік архивін «Халық арнаға» толық тапсыратынын айтты. Мұхаметжанға осындай кемеңгерлік көрсеткені үшін дән ризамыз», - дейді ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров.

Сондай-ақ, «Халық арна» телеарнасының Бас директоры Нұржан Дарқұлов арнадан қандай бағдарламалар көрсетілетіні туралы айтты.

«Бұл ҚМДБ-ның арнасы болғандықтан, негізгі басымдылық діни-ағартушылық бағытқа жұмсалады. Сонымен қатар, дәстүр құндылықтарын, тарих, мәдениет, дін мен дәстүр сабақтасқан, қабысқан мазмұндағы бағдарламалар болады. Сонымен қатар, бұл арнадан ұлт аспаптар оркестірінің концерттері, рухани кештер де көрсетіледі. Бұл - діни, мәдени, рухани, тарихи бағыттағы арна деуге болады», - дейді Нұржан Таласұлы.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт