USD
USD
USD

Ерназар Жұбан «Славян базары» халықаралық байқауында бірінші орын иеленді

Ерназар Жұбан Витебскідегі беделді «Славян базары» халықаралық байқауында бірінші орынға ие болды.

Ерназар Жұбан
Фото: fest-sbv.gck.by

Алматы, NEGE. Жас әнші өзінің кәсіби шеберлігі мен таланты арқылы жеңіс тұғырынан көрініп, жоғары жетістікке қол жеткізді. Оның халықаралық байқаудағы үздік көрсеткіші барша қазақстандықтарға қуаныш сыйлайды.

Естеріңізге сала кетейік, конкурстың бірінші күнгі қорытындысы бойынша әнші 70 балдың 69-ын жинады. Отандасымыз қатысушылардан оқ бойы озық шығып, бірінші орынға ие болды. Ерназар ұдайы шеберлігін шыңдап, қабілетін арттырып келеді. Ол Алматыдағы эстрадалық-симфониялық оркестрінде өнер көрсетеді. Дисней компаниясының «Жұлдыздар шеруі» және «Болашақ» қоғамдық қорының бірегей бірлескен жобасына қатысты. Жобада өнерпаз «Сұлу мен құбыжық» фильмінің кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлетті. Айта кетейік, бұл Ерназар Жұбанның алғашқы жеңісі емес. 2017 жылы ол Дельфи ойындарында және халықаралық «На крыльях музыки» байқауында бірінші орыннан көрінді.

2018 жылы «Жас қыран» дарынды студенттер тізіміне енді.

2020 жылы «Х Factor» жобасының финалисі атанды және «Сарандев» халықаралық вокал конкурсының жеңімпазы болды. 2021 жылы Румыниядағы «XVI - George GRIGORIU» халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысып, жеңімпаз атанды.

2021 жылы «Қазақстан дауысы» жобасының ширек финалына шықты. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер