USD
USD
USD

Ермек Тұрсыновтың «Шалы» Атыраудан табылды

Атырау облысында 150 қойымен бірге жоғалып кеткен егде жастағы адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ермек Тұрсыновтың «Шалы» Атыраудан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жылыой ауданында 76 жастағы егде адам бағып жүрген 150 қоймен бірге жоғалып кеткен. «Жылыой аудандық полиция бөліміне 11 ақпанда күндізгі сағат 10:35 шамасында Жем селолық округіндегі шаруа қожалығында жұмыс істейтін 76 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы хабар түсті. Өріске 150 қойды бағуға шыққан егде адам қайта оралмаған. Сол күні полицейлер мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері егде жастағы адамды іздеуді бастады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Арада бір тәулік өткен соң Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Біржан Зинуллин ​ жоғалған азаматты 12 ақпанда сағат 11:00-де «Асан-Кеткен» қырынан тапқан. Шаруа қожалығының қыстағынан 15 шақырым қашықтан табылған қарияның туыстары полиция инспекторына алғысын білдірді.

«Шынымды айтсам, жоғалған қарияның туыстары алғыс айтар деп күткен жоқ едім. Өйткені, қиналған адамдарға қол ұшын созуды міндетім деп санаймын. Сондықтан, мақсатым – жүрек қалауыммен таңдаған қызметімді, өзіме жүктелген міндетті абыроймен және адалдықпен атқару», - дейді Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Біржан Зинуллин.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес