USD
USD
USD

Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды

Алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, Нарымбаев Алматы Халықаралық әуежайында Киев қаласынан келгеннен кейін ұсталған.

«Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев 2015 жылдың 12 қазанында ұсталған болатын. Оған себеп – олардың әлеуметтік желілерде ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті қорлау, ұлттық ар-намысты қорлау белгілері бар ақпаратты таратуы туралы ақпарат болған. Олардың тұратын жері бойынша прокурор санкциялаған тінту жүргізілді, соның нәтижесінде заттай айғақтар алынды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду