USD
USD
USD

Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты өзінің басқарушы органдарының мүшесі қызметіне тағайындады. 

Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді, ал Сиднейдің Олимпиада чемпионы, Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Қазақстан бокс федерациясы сайтындағы мәлімет бойынша, жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға хаттарды AIBA президенті Омар Кремлев жолдады; Жолдауларда ол олардың білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына құнды үлес қосатынына сенім білдірді және танысып, бірлескен жұмысты бастау мүмкіндігін күтетінін атап өткені айтылады.

Азия бокс конфедерациясы да қазақстандықтарға кездесулерге байланысты құттықтау жолдапты.

Бұл 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін комиссияларда біздің алты отандасымыз жұмыс істеді. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссия таратылып, қазір жаңадан құрылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар