USD
USD
USD

Ермахан Ибраимов: Мен бас бапкер болған кезде 3 медаль алдық

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникац

Ермахан Ибраимов: Мен бас бапкер болған кезде 3 медаль алдық
Фото: NEGE.kz

иялар қызметі» РММ «Токио олимпиадасы: сарапшылардың пікірі» тақырыбында баспасөз конферениясын өткізді. 

Алматы, NEGE. Баспасөз жиынына АИБА Халықаралық Федерациясы комиссиясының мүшесі, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов қатысты. 

Олимпиада чемпионы бұған дейін «Ұлттық құраманың басшылығына келсем, көп нәрсе өзгертер едім» деген-ді. Ермахан Сағиұлына Nege.kz тілшісі «өзгерісті неден бастар едіңіз» деген арнайы сауал қойды.

«Қандай өзгеріс дегенге келсек, тактикалық тұрғыда өзгерістер енгізу керек. Біздің боксшылар алдыңғы қолмен мүлдем жұмыс істемейді. Тек күшті қолдарын ғана пайдаланады. Егер оң қолы күшті болса соны сермеп жүре береді. Токиодағы боксшыларымыз Серік Сапиев секілді, Бақтияр Артаев секілді жақсы өнер көрсете алмай жатыр. Жалпы, тактикалық тұрғыда барлық боксшыға өзгеріс керек. Және аяпен мүлде жұмыс істемейді. «Аяқпен қорғаныс» деген бар. Оны пайдаланып жатқан ешкімді көрмедім. Мен әлі де айтамын «Жігіттер аяқты қосыңдар. Арақашықтық сақтап ойнаңдар. Ұшып барып ұрып, қайта шегініп, осылай жұмыс істеу керек». Мен осындай өзгерістер енгізер едім.  

Олимпиада чемпионы өзі бапкер болған жылдар жайлы да айта кетті.   

«Мен 2002-2004 жылдары бас бапкер қызметінде болғам. Ол кезде өздеріңізге белгілі Бақтияр Артаев Олимпиада чемпионы болса, күміс жүлдені Геннадий Головкин, қола жүлдені Серік Елеуов иеленді. Үш медаль болды. Әр Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 3-4 медаль салып келе жатыр. Естеріңізде болса, 2008 жылы тек екі медаль болды. Еркебұлан Шыналиев қола, Бақыт Сәрсекбаев алтын алды. Сол секілді биыл да жанкүйерлеріміз орын таппай, әлеуметтік желілерде көп әңгіме айтып жатыр. Мен жанкүйерлерді сабырға шақырғым келеді. Қалған 4 боксшымыз жақсы өнер көрсетіп, жүлдеге ілініп жатса, бұл әңгімелердің бәрі қалып кетер еді»

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров