USD
USD
USD

Ермахан Ибраимов: Дубайда жүргенде кішкентайымнан айырылдым

Жаңадан Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған спортшы, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов ASSYLTAS TV арнасына сұхбат беріп, басынан өткен үлкен сынағы, балалар саны туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Ермахан Ибраимов: Дубайда жүргенде кішкентайымнан айырылдым
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бағдарлама барысында спортшы көпбалалы әке екенін, бірақ қазақ бала санын айтпағанды сылтауратып, нақты айтудан бас тартты. 2019 жылы Ермахан Ибраимовтың кішкентайы шетінеп кеткен, бұл да бала санын қазір жасыруға себеп болған.

Оқыс оқиға Дубайда демалып жүргенде орын алған. Бес минуттай қараусыз қалған кішкентайы бассейнге жүгіріп, батып кеткен. Екі жарым жастағы баланы судан алып шыққанда дәрігерлер қолдан келгенді жасап, жүрек қағысын қалпына келтірген. Бірақ ми өлімі тіркелген. 

"Біздер арнайы ұшақпен елордаға жеттік. Серік Ақшолақов ағамызға (атақты нейрохирург - каз.) көрсеттік. Дүниеде қандай ем жолдары бар, бәрін қарастырдық. Бірақ тек бір Алланың қолында болды. Миы оянбады. Сондай қатты сынақ жіберді. Оны ойымыздан өткіздік, өте қиын болды әрине. Мен үшін, жұбайым үшін. Ол қиындықтан өттік", - деп қиын сәттерді еске алды спортшы.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.