USD
USD
USD

Ерлі-зайыпты зейнеткерлер қауіпті індетті жеңіп шықты

Шымкенттік дәрігерлер 80 жасқа таяған зейнеткерлерді толық емдеп шықты.

Ерлі-зайыпты зейнеткерлер қауіпті індетті жеңіп шықты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қауіпті індетті жұқтырған ерлі-зайыпты 5 мамырда Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем көлігімен ауыр халде жеткізілген.

Дәрігерлер екі науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, өкпе тінінің 90 пайызы зақымдалғанын анықтаған. Бұған қоса өкпесі зақымданған науқастарда екі жақты пневмония анықталып, қант диабеті және гипертония сынды созылмалы аурулары болған. Коронавирус жұқтырғандары да белгілі болды.

Дәрігерлер науқастардың жағдайының ауыр болуына байланысты жансақтау бөліміне жатқызған. Жүргізілген емнің нәтижесінде зейнеткерлердің денсаулығы бүгінде жақсарған. Дәрігерлер олардың инфекциядан толық сауығып, бүгін ауруханадан шыққанын хабарлады.

«Температурасы түсті. Емдік шаралар толық жүргізілді, жағдайы жақсарып, анализдері бір қалыпқа келіп, демалысы жақсарды. Антибактериялық терапия, антикоагулянтты терапия және қосымша симптоматиялық ем тағайындалды» - дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігер реанематологы Еркінбек Нұртаев.

«Отағасы екеуміз реанимацияда жаттық. Қосымша ауруларымыз бар еді. Қазір жағдайымыз жақсы. Дәрігерлерге шынайы алғыс айтамыз» - дейді Розакүл әжей.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек