USD
USD
USD

Ерлан Тұрғымбаев полиция қатарындағы спортшыларды марапаттады

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ІІМ-де салтанатты шара өтті. Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев спортшыларды марапаттады. 
Ерлан Тұрғымбаев полиция қатарындағы спортшыларды марапаттады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары спорттық жетістіктері үшін министр 42 спортшыға медальдар, төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

ІІ дәрежелі «ІІО үздігі» төсбелгісімен қазақстандық дзюдошы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен еркін күрес шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев және ауыр атлет, үш дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Зүлфия Чиншанло марапатталды.

ІІМ басшысы полицейлердің спорттағы үздік жетістіктерін атап өтіп, құттықтау лебізін білдірді. Ол спортшыларға таусылмас қуат пен жаңа жеңістер тіледі.
Салтанатты шара ҚР Ұлттық ұланы ән-би ансамблінің және әртістердің қатысуымен арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе