USD
USD
USD

Ерлан Құсайын жаңа қызметке тағайындалды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі болып Ерлан Құсайын тағайындалды.

Ерлан Құсайын жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Е.Құсайын бұған дейін Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасын басқарды. Жаңа басшыны аудан мәслихатының кезектен тыс сессиясында өңір әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды. «Қарқаралы ауданының әкімі лауазымына Ерлан Құсайынның кандидатурасын келісуге ұсына отырып, сіздердің қолдауларыңызға сенемін. Жинақтаған тәжірибесі мен білімінің арқасында ол жұмысты Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес ұйымдастыра алады деп ойлаймын», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Ерлан Құсайынның үш жоғары білімі бар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Қарқаралы ауданында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Білім ордасында мектеп директорына дейін лауазымдар атқарды.

2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Бірнеше жыл облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде еңбек етті. Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары болды.

2015 жылдың маусымында облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығын басқарды. Кейін «Қоғамдық келісім» КММ директоры болып тағайындалды.

2020 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасын басқарды. Айта кетейік, осыған де йін Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін Елдар Дүйсетаев атқарған болатын. Ол жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер