Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды.

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Amanat партиясының кезектен тыс съезінде барлық саланы монополиясыздандыру аса маңызды жұмыс екенін айтты. Ол осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек деп ойлайды. Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн.

"Яғни, саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күшке тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдік орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады. Қазір ұйым мәжілісте және мәслихаттарда едәуір басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан үкімет пен әкімдіктердің жұмысына қатаң бақылау жасай алады. Президент партия қатарынан шыққанымен ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейді деп ойлаймын. Аманат – еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық. Саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан істерін жалғастыра береді", - деді Президент Amanat партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы осы орайда партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынатынын айтты.

"Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат", - деді Президент.

Қазір оқып жатыр

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс