5 Мамыр 00:34

Ерлан Қарин: Тұңғыш президенттің рөлін Конституцияда бекіту қажет емес

Фото:

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында Конституциялық кеңес Тұңғыш президенттің тарихи рөлін Конституцияда бекіту қажет емес деп санайтынын айтты. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Бүгін Конституциялық Кеңес еліміздің Ата Заңына енгізілетін түзетулердің жобасына оң қорытынды берді.

Бұл мемлекетіміз бен ұлттымыздың болашағы үшін айрықша мәнге ие конституциялық реформаны іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі.

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас балансын оңтайландыруға, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын кеңейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ұсынысын ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілген болатын. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жұртшылыққа аян және Конституцияда бөлек бекітуді қажет етпейді.

Конституциялық Кеңес ұсынылған түзетулердің барлық тармағын Ата Заңға сәйкес деп қорытынды жасады.

Конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға бағытталған және ол барша қоғам өкілдерінің мүддесі үшін жүзеге асырылады», – деп жазды Е.Қарин.

Тегтер: