USD
USD
USD

Ерлан Карин отандық вакцинаны салдырды

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Карин отандық QazCovid-in вакцинасын ерікті түрде салдырды. Бұл жайында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған.

Ерлан Карин отандық вакцинаны салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстандықтардың көпшілігі зерттеудің ресми хаттамасымен тыс ерікті түрде вакцина салдыруға дайын екендігін білдіріп жатыр. Осы жылдың 25 желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі Е.Т.Карин клиникалық зерттеуден тыс өз келісімімен QazCovid-in вакцинасын салдырды», - делінген комитет ақпаратында.

Комитет мәліметінше, 19 желтоқсанда ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вацинасына клиникалық сынақтың ІІІ фазасы басталды. Клиникалық сынақтың I және II фазасына 244 қазақстандық қатысты.

Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін көрсетті.

ІІІ фазаға 3 мың ерікті қатысатын болады. Зерттеудің барлық қатысушыларына бір реттік сыйақы мен медициналық сақтандыру төленеді. Соңғы уақытта Ғылым комитетіне ресми волонтер болып, бағдарламаға қосылғысы келетін қазақстандықтардың тарапынан өтінім көп түсуде.

Осыған орай ведомство екі қаладағы зерттеу жүргізілетін медициналық ұйымның мекен жайын жариялап отыр:

«МИПО клинкасы» ЖШС - Алматы қ., Торайғыров к., 49/1 Алматы қаласының №4 клиникасы, Торайғыров к., 12 «а» Тараз қ., Қалалық көпбейінді аурухана, Әл-Фараби к., 2 «В» үй ҚР БҒМ

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының клиникалық зерттеуге жауапты өкілі Берік Хайруллинің телефон нөмірі: +77013823824.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.