USD
USD
USD

Ерлан Қарин Германия сыртқы істер министрлігінің уәкілімен кездесті

Ерлан Қарин Германия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдері бойынша уәкілі Маттиас Люттенбергпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ерлан Қарин Германия сыртқы істер министрлігінің уәкілімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Кездесу барысында Ерлан Қарин мен Маттиас Люттенберг Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестіктің қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Германияны Еуропа мен Еуропа Одағындағы маңызды стратегиялық әріптесі санайтынын, екі ел арасындағы көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін айтты.

Сонымен қатар, Ерлан Қарин еліміздің саяси жаңғыруына қатысты жоспарлар мен Мемлекет басшысының жаңа экономикалық бастамаларын жүзеге асыру жайында мәлімет берді.

Өз кезегінде, Маттиас Люттенберг Мемлекеттік хатшыға кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетудің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кей лауазымдарға өмір бойына тыйым салудың заңдылығы тексерілмек

Конституциялық сот

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев