USD
USD
USD

Ерлан Қарин Франция сенаторларымен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Франция – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы Эрвэ Морэ бастаған Франция Сенатының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ерлан Қарин Франция сенаторларымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын және стратегиялық әріптестіктің даму перспективаларын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі қарым-қатынасты оң бағалады.

Ерлан Қарин француз сенаторларына 5 маусым күні референдумға шығарылып отырған конституциялық реформалардың мәні мен маңызы туралы айтты.

Франциялық делегацияның жетекшісі Э.Морэ Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси жаңғырту бағдарламасының ауқымы кең екенін атап өтті. Кездесуде тараптар халықаралық және өңірлік деңгейдегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев