USD
USD
USD

Ерлан Әукенов қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Ерлан Әукенов қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Брэдфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «XXI ғасыр көшбасшысы» жастар орталығы» ӨҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып бастаған.

Әр жылдары жеке компаниялар мен қоғамдық бірлестіктерде, мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2014-2015 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2015-2019 жж. — Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы